Атырау, 25 желтоқсан 04:49
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Қазақстанда қанша бала бар

676 рет қаралды

сүрет: unicef.org

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы балалар санын жариялады. Сондай-ақ, деректе ұлдар мен қыздардың да пайыздық мөлшерлемесі көрсетілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Дерекке сүйенсек, бүгінде ел аумағында 16 жасқа дейін 6 миллион 162 мың бала бар екен. Олардың ішінде 51,4% ұлдар болса, 48,6% – қыздар. 

Ал балалардың басым бөлігі қалалық жерде тұрады. Шамамен 3 миллион 664 мың бала. Ал 2 миллион 497 мың өскелең ауылдық жерлерде. 

Өңірлер бөлінісі бойынша Түркістан облысы көш басында. Балалардың ең көбі аталмыш облыста - 836 мың, одан кейін Алматы қаласы және Алматы облысында, сәйкесінше 592 мың және 498 мың баладан.

1 маусым 2023, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.