17 сәуірде атыраулық ҮЕҰ-дардың ішіндегі «ақсақалы» - Каспий теңізін қорғау үшін бей-жай қалмайтын жандардың басын біріктірген «Каспий Табиғатының» қызмет етіп келе жатқанына 15 жыл толды.
Бұл экологиялық үкіметтік емес ұйым Қашаған кенішінде жүргізілетін теңіз мұнай операциялары туралы жарияланғаннан кейін құрылды. Кеңес беру жөніндегі кездесулер мен жұртшылық тыңдауларында «Каспий Табиғаты» ҮЕҰ төрағасы (және негізін қалаушы) Махамбет ХАКИМОВТЫҢ (суретте) өткір және әрдайым нақты дәйектермен келтірген сөздеріне әлденеше рет куә болған едім. Ол әр сөзінде Қашаған жобасының жергілікті халыққа, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне, бірегей су қоймасына тигізетін теріс әсерлеріне байланысты ең өзекті, ең ауыр мәселелерді көтереді. БАҚ-тардағы, соның ішінде біздің газетіміздегі оның жарияланымдары да осыған қатысты.
Ал жуырда Хакимов ресейлік Каспий теңізін құтқаруға қолдау көрсету қорының сарапшысы боп тағайындалды.
«Бүгінде әлеуметтік шиеленіске бой алдырып бара жатқан экологиялық проблемалардан шет қалғысы келмейтін жандардың бар екені қуантады. Ал сіз және сіздің әріптестеріңіз сол жерде мұнай экономикасының «зор келешегі» бар екенін айтқан кезде, Каспийдің болашағына, осынау табиғат жаратылысына қауіп-қатер төніп тұрғанын басқалардан бұрын ұғындыңыздар», - деп мәлімдеді қор директоры Владимир РОЩИН «Каспий Табиғатына» жолдаған құттықтау хатында.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА