Атырау, 25 желтоқсан 02:57
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Тұңғыш президентті қорлағаны үшін қылмыстық жауапкершілік жойылуы мүмкін

893 рет қаралды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты балағаттағаны үшін қылмыстық жазаның күші жойылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазір "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы Парламент Мәжілісінде қаралып жатыр.

"Депутаттар бастама жасаған заң жобасы шеңберінде Қылмыстық кодекстен 373 және 374-баптарды алып тастау жоспарланып отыр. Онда Тұңғыш Президентті көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіру (сондай-ақ, оның суретін бүлдіру, оның заңды қызметіне кедергі жасау), Тұңғыш Президентке қолсұқпаушылық кепілдігін жою үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген", - делінген министрлік хабарламасында.

31 мамыр 2023, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.