Атырау, 22 желтоқсан 15:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

РФ мен Украина шекарасына бітімгершілік күштері жіберілмейді

702 рет қаралды

31 мамырда өткен Мәжілістің жалпы отырысында Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов Қазақстанның Ресей мен Украина шекарасына бітімгершілік күштерін жібермейтінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бітімгершілік миссиясы мемлекеттің ерікті қатысуын білдіретінін атап өтті.

"Мұндай тәуекелдер жоқ. Әскери контингентті мемлекеттен тыс жерге жіберуді Парламент мақұлдайды. Егер Парламент мақұлдаса, әрине. Біз Парламентке жауап бере алмаймыз, Қорғаныс министрлігіне жауаптымыз".Сұлтан Камалетдинов

31 мамырда Украинада сот Қазақстан азаматын "Вагнер" жеке әскери компаниясында (ПМК) жалдамалылық жасады деген айыппен тоғыз жылға бас бостандығынан айырғаны белгілі болды. 23 жастағы Шыңғыс Сейпиев Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдың тумасы. Жас жігіт ресейлік колонияда жазасын өтемеу үшін қақтығыс аймағына барғанын айтады.

31 мамыр 2023, 15:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.