Атырау, 18 қараша 23:55
 ашықВ Атырау +2
$ 495.95
€ 524.37
₽ 4.98

Қазақстанға ірі көлемде есірткі өткізбек болғандар шекарада қолға түсті

697 просмотра

Фото: ҰҚК Шекара қызметінен

2023 жылғы 27 мамырда ҰҚК Шекара қызметі апиын мен гашишты ірі көлемде өткізудің екі әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шекара қызметінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сайттағы мәліметтерге қарағанда, Жамбыл облысының «Ауқатты» өткізу пунктінде көлігінің арнайы әзірленген құпия жеріне жасырып 62,2 келі қатты әсер ететін есірткі заттарын (апиын – шамамен 24 кг, гашиш – 38,2 кг) Қырғызстаннан Қазақстанға өткізбек болған шетел азаматы ұсталды.

Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысының «Қарақоға» өткізу пунктінде Қазақстаннан Ресейге 62,4 келі кептірілген марихуананы өткізу әрекеті кезінде Қазақстан азаматы ұсталды. Есірткі эвакуатормен тасымалданып келе жатқан көліктен табылды.

«Аталған фактілер бойынша құзырлы органдар сотқа дейінгі тергеулерді бастады»,-делінген хабарламада.
30 мамыр 2023, 12:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.