Атырау, 19 сәуір 10:24
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Қазақстан авиаотынды Ресейден импорттауға мәжбүр

525 просмотра

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев азаматтық авиацияның дамуын тежейтін факторларды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, азаматтық авиацияны дамытудың негізгі тежегіштерінің бірі – ішкі нарықтағы авиаотынның тапшылығы және оның жоғары құны.

Сол себепті отандық әуежайлар транзиттік компанияларды тарту мен оларға қызмет көрсету бойынша көрші елдердің әуежайлары алдында бәсекеге қабілеттілігін жоғалтады. Бұл Қазақстанның транзиттік әлеуетіне теріс әсер етіп жатыр.

"Авиаотын нарығындағы тұрақсыз жағдайға байланысты, авиакомпаниялар жаңа халықаралық рейстерді ашу қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Отандық мұнай өңдеу зауыттарының өндірістік қуаты авиаотынға деген қажеттілікті өтемейді. Осыған байланысты отынды Ресей Федерациясынан импорттауға тура келеді", - дейді Қарабаев үкімет отырысында.

Министрлік мәліметінше, 2022 жылы авиаотын өндірісі – 648 мың тонна, тұтыну – 806 мың тонна, тапшылық 24% болды. Ресей елінен 158 мың тонна импортталады.

"Бұл мәселені жүйелі шешу үшін авиаотын өндірісінің жыл сайынғы көлемін ұлғайту қажет. Бұл ішкі нарықтағы тапшылықты және импортқа тәуелділікті жоюға мүмкіндік береді", - деп санайды министр.

Авиацияның дамуын тежеп отырған екінші мәселе – жоғары білікті кадрлардың тапшылығы.

Қарабаевтың айтуынша, қазір осы салада 20 мыңға жуық адам жұмыс істейді. 2025 жылға дейін қосымша кадрларға қажеттілік артады – жыл сайын 500-600 маман.

"Республикада сала бойынша Қазақстан мен Орталық Азия елдерінде кадр даярлауды жүзеге асыратын жалғыз жоғары оқу орны жұмыс істейді. Алайда Академия түлектері ИКАО стандарттарына және мамандар дайындау саласындағы басқа да халықаралық талаптарға сәйкес келмеу себебінен сұранысқа ие емес. Сондықтан негізгі авиакәсіпорындар кадрларды өз бетінше оқытуға мәжбүр", - дейді ведомство басшысы.

Кадр тапшылығы мәселесін шешу және студенттердің сұранысын арттыру үшін индустрия министрлігі ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, Еуропалық стандарттарға көшу арқылы азаматтық авиация саласы үшін кадр даярлау жүйесін түбегейлі реформалау, сондай-ақ оқыту процесін ИКАО-ның озық стандарттарына сәйкес келтіру мәселесін пысықтап жатыр.

30 мамыр 2023, 13:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.