Атырау, 23 қараша 16:14
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мәжіліс әйелдердің зейнеткерлік жасын ұлғайтуды қарастыратын заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

2 526 просмотра

Мәжіліс «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады деп хабарлайды агенттік тілшісі. 

Зейнеткерлік жасын ұлғайту 2014 жылғы 1-ші қаңтардан бастап зейнеткерлік жасты жыл сайын 6 айға арттырыла отырып, біртіндеп 10 жылдың ішінде жүзеге асырылатын болады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда әйелдер зейнеткерлікке 58 жаста, еркектер - 63 жаста шығады.
Бұл ретте  құжатта Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру қарастырылады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы мен акционері ел Үкіметі болса, оның зейнетақы активтерін басқаруды ҚР Ұлттық банкі жүзеге асырады.

17 сәуір 2013, 12:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.