Атырау, 5 қазан 01:28
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Чкалов маңындағы апат: 7 адам қаза болды (толықтырылды, ескерту )

8 560 просмотра

Бүгін, 16 сәуірде тал түсте Атырау-Орал тас жолында Махамбет ауданының Бейбарыс (бұрынғы Чкалов) селосының бұрылысына жақын жерде ірі көлік апаты орын алды.

Апат орын алған жерде болған біздің фототілшіміз Қанат ЕЛЕУОВТЫҢ айтуынша, Орал жаққа бағыт алған «Фольксваген-Шаран» мен Атырауға қарай бара жатқан «Приора» көліктері бетпе-бет соғысып, бес адам қаза болған.

ЖКО туралы ресми ақпарат келіп түсті. Облыстық ТЖД баспсөз хатшысы Самал АБИРОВАНЫҢ айтуынша, «сағат 11-де ТЖД пультіне «Форд-Галакси» мен ВАЗ-2172 «Приора» көлігінің бетпе бет соғысқаны туралы хабарлама келіп түсті». Соқтығыс салдарынан екі көлік жанып кеткен. «Приораның» жүргізушісі мен екі жолаушысы, «Галаксидің» жүргізушісі мен үш жолаушысы қаза болған. Осыған қатысты тергеу жүргізілуде».

ІІД баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, «Фордта» 1981 жылғы жүргізуші (Батыс Қазақстан облысының тұрғыны), 2010 жылғы қыз бала мен 2012 жылғы ұл бала көз жұмған. «Приорада» 1990 жылғы жүргізушісі, екі 1994 жылғы және бір 1995 жылғы жолаушылары қаза болған. Бәрі де Атырау қаласының тұрғындары.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

Ескерту. Алғаш түскен ақпарат бойынша сайтымызда қаза болғандардың кейбіреуі Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледждің оқушылары деп қате аталды. Ғафу өтінеміз.

16 сәуір 2013, 16:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.