Атырау, 11 қазан 16:24
 ашықВ Атырау +12
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Бостонда қалалық марафон мәресінде екі жарылыс болды (ВИДЕО)

2 252 просмотра

Бірінші жарылыс марафонның алғашқы қатысушылары мәре сызығын кешіп өткеннен кейін үш сағаттан соң орын алды. Сәлден кейін үшінші жарылыс болды.

Бостон полициясы қаза болғандардың саны үш адамға дейін артқанын хабарлады, олардың арасында 8 жасар бала да бар. Зардап шеккендердің саны 140 адамнан асады.

Алғашқы екі жарылыс араға 10 минут салып орын алды.

Полицейлер марафонның штаб-пәтерін тұсаулап тастады, оған кіретін де, шығатын да жолдар тегіс жабылды. Жарылыс болған Бойлстон бойындағы 811 үй маңынан 5,6 км радиуста ұшуға тыйым салынды.

Абырой болғанда, үшінші жарылыстан құрбан болғандар мен зардап шеккендер болмады. Полицияның алдын ала болжауларына сәйкес, қашықтықтан басқарылмайтын жарылғыш заттар іске қосылған.

Сондай-ақ, лаңкестік саны бұдан да көп болар еді деп хабарлануда. Полиция қызметкерлері тағыда бірнеше жарылғыш заттарды тауып, қауіпсіздендірген. АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігінің басшысы Джанет Наполитаноның айтуынша, оның қарамағындағы ведомствоның барлық күші жарылыс себептерін зерттеуге бағытталатын болады.

Бостонда болған жарылыстарға қатысты күдіктілер әлі табылған жоқ. Бұл жөнінде қалалық полиция басшысы Эдвард Дэвис мәлім етті, деп жазады Reuters. «Біз бірнеше адамдармен сөйлестік. Бірақ әзірге ешкім қолға түспеді», - деді полиция қызметкері. Ол сондай-ақ Кеннеди атындағы кітапханада шыққан өрт оның алдында қала орталығында болған екі жарылысқа қатысы болмауы да мүмкін екенін айтты.

АҚШ президенті Барак Обаманың әкімшілігі аталған жарылыстарды лаңкестік ретінде қарастыратындарын мәлім етті.

Бостон марафоны – бұрыннан бері дәстүрге айналған және әлемге танымал алыс қашықтыққа жүгіру болып табылады. Ол 1897 жылдан бері әр жыл сайын үздіксіз ұйымдастырылып келеді.

Дереккөз: bnews.kz

16 сәуір 2013, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.