Хосни Мубарак.АСТАНА. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Каир соты Мысырдың бұрынғы президенті Хосни Мубаракқа 2011 жылғы ереуілшілер ісіне қатысты ақтау үкімін шығарды. Алайда ол бостандыққа шықпайды, өйткені оған қатысты сыбайлас жемқорлық бойынша тағы екі іс қозғалған.
Бұл туралы «Утро.ру» хабарлайды.
Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылы ақпан айында биліктен аластатылған Мубарак бастапқы кезде бостандықта жүрді. Бірақ көп ұзамай оны ереуілшілерді өлтіру және жемқорлық айыптары бойынша жауапкершілікке тартты. Сот 2012 жылы жазда өткен болатын. Бүкіл елдің назары осы іске ауды. Өлім жазасына кесу керек деген ұсыныстарға қарамастан, сот оған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын қолданды.
Дереккөз: inform.kz