Атырау, 26 желтоқсан 18:50
 ашықВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Қазақстан Тәжікстан Қарулы күштеріне қайтарымсыз әскери-техникалық көмек көрсетеді

2 626 просмотра

Сурет inform.kz сайтынан алынды. Сурет inform.kz сайтынан алынды. АСТАНА, 15 сәу –Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековтің Тәжікстан Республикасына ресми сапары кезінде Қазақстан мен Тәжікстан Қорғаныс министрлері Тәжікстан Қарулы күштеріне қайтарымсыз әскери-техникалық көмек көрсету жөніндегі келісімге қол қойды деп хабарлайды Қазақстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

«Әділбек Жақсыбеков екі жақты әскери және әскери техникалық ынтымақтастық пен әскери білімнің келешекте дамуын Тәжікстан Қорғаныс министрі Шерали Хайруллоевпен талқылады. Екі ел қорғаныс ведомствосының өзара тығыз байланысын қазақстандық және тәжікстандық әскерилердің ТМД, ҰҚШҰ, ШЫҰ бітімгерлік жаттығуларына қатысуынан аңғаруға болады»,-делінген хабарламада.

Душанбеде Қорғаныс ведомствосының басшысын Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қабылдады.

«Біздің өңірлік қауіпсіздік мәселесіндегі тығыз қарым-қатынасымыз Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ҰҚШҰ жедел әрекет ету күштерін дер кезінде құруымызға Сізбен бірге басқа да мемлекеттер басшылары қолдау көрсетті»,-деп атап өтті Қорғаныс министрі Эмомали Рахмонның қабылдауында болған кезінде.

«Тәжікстанмен әскери ынтымақтастықтағы негізгілердің бірі білімді дамыту болып табылады.Тәжікстандық әскери қызметшілерді оқыту үшін Қазақстанның әскери оқу орындарына жыл сайын тиесілі үлес бөлінеді»,-деді Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы Тәжікстан Қорғаныс министрлігінің Әскери институтын аралаған сәтінде.

Қос елдің қорғаныс ведомствосы басшылары Әділбек Жақсыбеков пен Шерали Хайруллоев, бүгінгі Душанбеде өткізілген келіссөздер Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы әскери ынтымақтастықтың келешекте дамуына қосымша серпін бергендігін атап өтті.

Дереккөз: newskaz.kz

15 сәуір 2013, 19:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.