Атырау, 23 қараша 16:10
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстан халқының саны 17 миллионға толуы үшін 47 мың адам жетпейді

6 335 просмотра
АСТАНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Қазақстандағы жалпы халық саны 42 мың адамға өсті.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті.

«1 наурыздағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 16 млн. 953 мың адамды құрады. Соның ішінде қалалықтар 54,8 пайызды, ал ауылдықтар 45,2 пайызды құрады. Жыл басынан бері Қазақстандағы жалпы халық саны 42 мың адамға немесе  0,2 пайызға өсті. Атап айтқанда он екі айдың ішінде, яғни былтырғы жылдың наурызымен салыстырғанда 236  мың адамға артып, 1,4 пайызға көтерілді», -деді агенттік басшысы.

Оның айтуынша, халықтың табиғи өсімі 41 мың адамға жетті. Ал былтыр 40 мың адам болатын.

«Қаңтар-ақпанда АХАТ органдарында 66 мың туылғандар тіркелді. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда,   0,8 пайызға артық», деді Ә. Смайылов.

Дереккөз: inform.kz

15 сәуір 2013, 16:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.