Атырау, 27 желтоқсан 05:52
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Астаналық полицейлер 15 жыл бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен азаматты тапты

2 968 просмотра

Астана қалалық ішкі істер департаментінің қызметкерлері 15 жыл бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен азаматты тапты. Бұл туралы ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары жігітті тоқтатып, құжаттарын тексермек болады. Алайда оның куәлігі болмағандықтан жеке тұлғасын анықтау мақсатында қалалық ІІД қабылдау-бөлу орнына жеткізген. Ер адам өзін Павлодар облысының 1978 жылы туған тұрғынымын, аты-жөнім Дудко Сергей Григорьевич деп таныстырыпты. 

Полицейлер оны тексеру барысында Павлодар облысының Светлана Дудко деген тұрғыны ұлын жоғалтқаны анықталады. Телефон арқылы хабарласқанда ол Дудко Сергей Григорьевичті білмейтінін, бірақ 1998 жылы Поляков Григорий Григорьевич деген ұлы жоғалып кеткенін айтқан.

«Дудко Сергей Григорьевич деп таныстырған адамның Григорий Поляков екені белгілі болды. Оның айтуына қарағанда, 1998 жылы бас-ми жарақатынан есін жоғалтқан. Ақмола облысында тұратын бір қызбен танысып сонда келген, алайда кейін басқа қызды кездестіріпті. Бұған дейін кездейсоқ табыстарға күнелтіп келген»,-деп хабарлады полициядан.

Анасы ұлының аман екеніне, күндердің күнінде табылатынын сезгенін айтады. Бірнеше рет балгерлерге барып, БАҚ арқылы хабарлама беріпті, тіпті «Жди меня» бағдарламасына да хабарласқан, алайда ешқандай нәтиже болмады. 15 жыл бұрын көз жазып қалған ұлын тапқан кейуана тәртіп сақшыларына өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарап, анасы мен ұлын табыстырғаны үшін алғысын жеткізді.

Дереккөз: bnews.kz

15 сәуір 2013, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.