Николас Мадуро.Басқарушы партиядан Венесуэла президенттігіне үміткер ретінде ұсынылған Николас Мадуроның кандидатурасы сайлауда жеңіске жетті, деп хабарлайды Lenta.ru Reuters-ке сілтеме жасап.
Ұлттық сайлау комиссиясының мәліметтеріне сәйкес, Мадуроны сайлаушылардың 51 пайызы қолап, оның қарсыласы, оппозициядан ұсынылған кандидат Энрике Каприлеске сайлаушылардың 49 пайызы дауыс берген. Осынау сайлау нәтижесі болжам ба, әлде нақты қорытынды ма, әзірге хабарланбай отыр.
«Біз бүгінгі сайлауда әділетті түрде жеңіске жеттік деп айта аламыз», - деп мәлім етті Мадуро сайлаудың ресми қорытындысы хабарланғаннан кейін, деп жазады AFP.
Қазіргі уақытта осы ақпаратқа қатысты Каприлестің сайлау алды штабынан ресми түрде еш жауап жасалған жоқ. Соған қарамастан, күн бұрын оппозициядан ұсынылған кандидат өзінің Twitter-дегі шағын блогында ел билігі тарапынан дауыс беру нәтижесін бұрмалау әрекеттері жасалатынын мәлім еткен еді.
Мерзімінен бұрын ұйымдастырылған президент сайлауы Венесуэлада 14 сәуірде өтті. 2012 жылы қазан айында қайта сайланған елдің алдыңғы президенті Уго Чавес ұзаққа созылған дертінен 2013 жылдың наурзында көз жұмған болатын.
Дереккөз: bnews.kz