Атырау, 27 қараша 09:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қашағанға жұмысқа кіргізуге уәде берген рекрутингтік компанияның директоры тергеу изоляторына қамалды

2 104 просмотра

«WestTransGroup-М» ЖШС директоры Жанна Мертешова қамауға алынды. 29 сәуірде оны Ақтөбе полициясы ұстады. Қазір ол тергеу изоляторында. Ақпаратты Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ерболат САРҚҰЛОВ растады.

Еске салсақ, 26 сәуірде Атырауда 30-ға жуық адам «WestTransGroup-M» ЖШС рекрутингтік компаниясына (кеңсесі Ақтөбеде) және «ЛилияБолашақГрупп» ЖШС жұмыспен қамту агенттігіне (кеңсесі Атырауда) наразылық білдіру үшін жиналған болатын.

Адамдар қомақты ақша төлеген, алайда жұмыс болмады. «ЛилияБолашақГрупп» өкілі ақшаны қайтаруға уәде берді, ал «WestTransGroup-M» ЖШС еш селт етпеді. Сондықтан алаяқтық фактісі бойынша дәл осы компанияның үстінен полицияға арызданған. 27 сәуірде Атырау полициясының баспасөз қызметі ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы («Екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Бұдан бұрын алданғандардың бірі, Астана тұрғыны Қуаныш ЖОМАРТОВ Ақтөбе қалалық полиция департаменті мен прокуратурасына «WestTransGroup-M» ЖШС директоры Жанна Мертешева мен менеджер Әлия Жүнісованың үстінен арыз жазған болатын. Бірақ еш қозғалыс болған жоқ. Біздің жарияланымнан соң Ақтөбеде де дәл осы бап бойынша іс қозғалғанын хабарлады. Ал 1 мамырда Ж.Мертешова үйқамаққа алынды. 
Айнұр САПАРОВА

30 сәуір 2023, 20:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.