Атырау, 1 қазан 14:25
 ашықВ Атырау +17
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Ақмола облысында 100-ден астам ірі қара мен жылқы суға батып кетті

994 просмотра

Ақмола облысы Атбасар ауданында 100-ден астам ірі қара мен жылқы Есіл өзеніне батып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.  

Қар аралас жаңбыр жауғанда қатты желмен ыққан мал мұз құрсауында қалып қойған. Арам өлген жануарлар Қаракөл, Қосбармақ, Сергеевка ауылдарының тұрғындарына тиесілі. Қазір жұрт шамасы келгенше жабылып, өлекселерді судан шығарып жатыр. Жергілікті шаруашылықтар халыққа техника беріп, өлген малды арнайы қорымдарға тасып жатыр. Әзірге шығын көлемі есептелген жоқ.

Сала мамандары суға батып өлген жануарлардың сақтандырылмағанын айтады. Сондықтан иелеріне ешқандай өтемақы төленбейді. 

28 сәуір 2023, 17:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.