Атырау, 1 қазан 16:41
 ашықВ Атырау +17
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Генерал Күдебаев ұсталып, Қазақстанға жеткізілді - бас прокурор

602 просмотра

Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаев ұсталып, Қазақстанға жеткізілді. Бұл ақпаратты бас прокурор Берік Асылов растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен Telegram-арналарда Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаев ұсталып, Қазақстанға жеткізілгені туралы ақпарат тараған еді. ҚХА сессиясы кулуарларында журналистер бас прокурор Берік Асыловтан Күдебаев ұсталып, Қазақстанға жеткізілгені туралы ақпаратты сұрады.

"Иә", - деп қысқа жауап берді Берік Асылов

Күдебаев қай елден жеткізілді деген сұраққа бас прокурор "Түркиядан", - деп жауап берді.

Еске салайық, 3 сәуірде Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланғаны белгілі болды. Ол 23 наурызда мемлекеттік шекараны кесіп өтіп, сол күні Бішкектегі "Манас" әуежайынан Ыстамбұлға ұшқан.

Сондай-ақ, ҰҚК Шекара қызметі Серік Күдебаевтың ресми жұмыс істеп тұрған өткізу бекеттері арқылы шекарадан өтпегенін хабарлады.

27 сәуір 2023, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.