Атырау, 1 қазан 16:32
 ашықВ Атырау +17
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Министр журналистердің ұсталуына қатысты пікір білдірді

655 просмотра

Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Дархан Қыдырәлі журналистердің ұсталуына қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы кулуарында БАҚ өкілдері министрден Алматыда әріптестерінің ұсталу оқиғалары жиілеп кеткеніне, атап айтқанда журналистер Владимир мен Наргиз Северныйға қатысты пікір білдіруді сұрады.

"Біз қашанда журналистердің құқығын қорғап келдік. Кейбір әріптестерге журналистік қызметіне қатысты емес айып тағылды. Барлығы тергеу аясында, ақпарат болса айтамыз, тиісті органдардан сұраймыз. Оларға журналистік қызметіне қатысты емес, айып тағылды", - деді Дархан Қыдырәлі.

Еске салайық, Алматыда қазақстандық журналистер Владимир мен Наргиз Северный ұсталды. Алматы сотының баспасөз қызметі Владимир Северныйдың екі айға қамауға алынғанын хабарлады. Әйелі Наргиз үйқамаққа алынады.

27 сәуір 2023, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.