Атырау, 1 қазан 16:27
 ашықВ Атырау +17
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

2 миллиард теңге жымқыруға қатысты білім бөлімінің тағы бір қызметкері қамауға алынды

771 просмотра

Жетісу облысының білім беру жүйесінде ірі жымқыру туралы істе жаңа мән-жай анықталды. Жетісу облысы бойынша Антикоррупциялық қызмет Талдықорған қаласы Білім бөлімінің басшысына қатысты тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сәлтеме жасап.

"Ол Білім бөлімінде бюджет қаражатын ұрлау фактілерін жасырғаны үшін қарамағындағылардан 280 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінген. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Өз кезегінде пара берген адамдар бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау туралы іс бойынша негізгі айыпталушылар саналады және соттың санкциясымен қамауда ұсталған", - делінгшен хабарламада.

Соталды тергеп-тексеру жалғасып жатыр, күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін айқындай отырып, түпкілікті үкімді сот шығаратын болады.

27 сәуір 2023, 09:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.