Атырау, 1 қазан 16:34
 ашықВ Атырау +17
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Оралда гараж өртеніп, үш адамның мерт болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

682 просмотра

Оралда гараж өртеніп, үш адамның мерт болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 292-бабы 3-бөлігіне (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    «Қазіргі кезде тиісті сараптамалар тағайындалды. Мән-жайлар анықталуда. Өрт салдарынан қаза тапқан үшінші адам да белгілі болды. Ол – 1997 жылғы ер адам. Аталған бап бойынша айыпты деп танылған адам белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейiн бас бостандығынан айыруға жазаланады», деп хабарлады ведомстводан.

    БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің нақтылауынша, оқиға орнынан 1988 жылғы ер адам көміртегі тотығымен орташа улану диагнозымен қалалық ауруханаға жеткізілді.

    Бірақ ол ауруханаға жатудан бас тартты.

    Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда өртенген гараж орнынан үш адамның мәйіті табылғанын жазған болатынбыз.

    Сондай-ақ Оралда гараждың өртенуіне байланысты табылған екі мәйіттің кім екені анықталды.

  • 26 сәуір 2023, 10:56

    Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

    Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.