Атырау, 1 қазан 16:20
 ашықВ Атырау +17
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Тәлібтермен серіктестік экономика үшін пайдалы – Жұманғарин

871 просмотра

Вице-премьер – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың пайдасы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik.

Министрдің айтуынша, Қазақстанның бұл елмен сауда ынтымақтастығының келешегі зор.

"Біз Ауғанстанмен ынтымақтасып, сауда жасаймыз. Сауда көлемі 1 миллиард долларға жетті. Мысалы, бұл Әзербайжан және Түрікменстан елдерімен жасалған саудадан көп. Сондықтан саясат – саясат, ал экономика – экономика. Біз бұл сауда ынтымақтастықты дамытамыз", - деді Жұманғарин.

"Біз бидай, ұн, күнбағыс майын жеткізе аламыз. Мұндай мүмкіндіктен не үшін бас тартуымыз керек? Бұл біздің мемлекетімізге пайда әкеледі", - деп жалғастырды ол.

Министрдің айтуынша, қазір қазақстандық кәсіпкерлер нарықты зерттеп, ауған кәсіпкерлерімен танысып жатыр.

"Олар Қазақстанды, біздің мүмкіндіктерімізді көру үшін жергілікті кәсіпкерлермен танысып жатыр. Соңғы жолы біз ол жаққа азық-түлік өнімдерін өндірушілерді ғана емес, жер қойнауын пайдаланушыларды да апардық. Себебі Ауғанстанның жер қойнауы өте бай ел. Олар өте қызығушылық танытты", - деді Серік Жұманғарин.

Сондай-ақ вице-премьердің айтуынша, Қазақстанға ауған кәсіпкерлерін шақырып, бизнес-форум өткізу жоспарланып жатыр.

Ол тәлібтердің жерінде Қазақстанның сауда үйін ашылып, өкіл тағайындалғанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан сыртқы істер министрлігі Астанада тәлібтердің* елшілеріне аккредитация беретінін айтқан болатын.

*Лаңкестік әрекеті үшін БҰҰ санкциясына ұшыраған қозғалыс

25 сәуір 2023, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.