Атырау, 1 қазан 16:40
 ашықВ Атырау +17
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Ресей астығы Қазақстан арқылы заңсыз экспортталған

661 просмотра

Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері кіргізілген астық көлемін төмендетіп, Ресейден автомобиль көлігімен астықтың "сұр" импортымен айналысатын адамдар тобының қылмыстық әрекетін әшкереледі деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Аталған тұлғалар 2021-2022 жылдар кезеңінде Өзбекстан Республикасына 500 миллион теңгеден астам сомаға 4,8 мың тонна көлемінде ресейлік астықты экспорттаған. Бұл ретте, аталған астықты экспорттау кезінде халықаралық транзиттік тарифті төлеуден жалтару мақсатында, оны қазақстандық тауар ретінде отандық шаруа қожалықтарының жалған шот-фактураларын пайдаланып, ол 88 миллион теңге мөлшерінде транзиттік тарифтен жалтаруға мүмкіндік берген", - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

"ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі", - деді ведомство өкілдері. 

24 сәуір 2023, 16:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.