Атырау, 23 желтоқсан 03:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Елімізде еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша төлем мөлшері ұлғаймақ

1 917 рет қаралды

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңына қол қойды, деп хабарлайды Іnbusiness.kz.

Атап айтқанда, құжат мыналарды қарастырады:

- Үкімет құзыретінен уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақының шекті мөлшерін айқындауды алып тастау;

- Еңбек кодексінде еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін айқындау жөніндегі норма белгілеу;

- бір айға төленетін еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақының шекті мөлшері жеңілдіктері жоқ қызметкерлер үшін 15 АЕК-тен (51 750 теңге) 25 АЕК-ке (86 250 теңге) дейін ұлғайту.

Бұдан бөлек Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы мөлшері жалақының 100%-ын құрайтын болады деп жазылған.

Қызметкердің еңбек жарақатына немесе кәсіптік ауруына байланысты төленетін уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша әлеуметтік төлем мөлшері де орташа жалақының 100%-ын құрайтын болады.

Бұдан бөлек дипломатиялық қызмет персоналына шетелде болу кезеңінде шетелдік валютада төленетін уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшері орташа жалақының 100%-ын құрамақ.

21 сәуір 2023, 17:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.