Атырау, 1 қазан 18:32
 ашықВ Атырау +12
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Жаңаөзендегі жарылыстан үйсіз қалғандарға баспана берілді

923 просмотра

Жаңаөзен қаласында болған төтенше жағдай салдарынан баспанасыз қалған барлық отбасыға пәтер сатып алынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалаға жұмыс сапары кезінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев биыл 17 сәуірде көп қабатты тұрғын үйдегі жарылыс салдарынан көз жұмған жандардың отбасына барып, өзінің және компания атынан көңіл айтты.

«Бұл өте ауыр жағдай. Сіздердің қайғыларыңызға ортақпыз, мықты болыңыздар. Бастарыңызға сынақ түскен кезде біз шет қалмай, Президенттің тікелей тапсырмасымен баспанасыз қалған отбасыларға пәтер алып бердік. Осындай сын сағатта сіздер үшін қолымыздан келгенді жасап жатырмыз», — деді ҚМГ басшысы көз жұмған тұрғындардың туыстарына көңіл айта келе.

Қазіргі уақытта төтенше жағдай салдарынан баспанасыз қалған 9 отбасыға жанұядағы адам санына байланысты екі бөлмелі 2 пәтер, үш бөлмелі 5 және бес бөлмелі 2 пәтер сатып алынғаны белгілі болды.

20 сәуір 2023, 16:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.