Атырау, 1 қазан 18:30
 ашықВ Атырау +12
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Қызылордада тұрғын үйде жарылыс болды

780 просмотра

Қызылордада жекеменшік зәулім үйде газ жарылып, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik.

19 сәуірде сағат 10:58-де жеке тұрғын үйде газ жарылып, аумағы 182 шаршы метрлік ғимарат өртеніп, жартылай қирап қалды.

Салдарынан ер адам зардап шекті, деп хабарлады облыс ТЖД.

"Құтқарушылар келгенге дейін зардап шеккен адам жедел медициналық жәрдем бригадасымен қалалық ауруханаға жеткізілді. Ол 1984 жылы туған Өзбекстан азаматы, оған аяқтың І дәрежелі күйігі диагнозы қойылған", - деп хабарлады ТЖД.

Өрт үйдің жанынан салынған қосымша құрылыс нысанына да тараған. Өрт сөндіріліп, себебі анықталып жатыр.

20 сәуір 2023, 10:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.