Атырау, 20 ақпан 10:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.17
€ 576.63
₽ 6.38

Тоқаев коммуналдық қызмет тарифтерін де біртіндеп өсіруді тапсырды

693 рет қаралды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коммуналдық инфрақұрылымды жаңарту үшін тарифті көтеру керегін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Тарифті өсіруден түскен қосымша қаржы тек қана коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға жұмсалуы керек. Сондай-ақ жаңа қуат көздерін іске қосуға және жұмысшылардың жалақысын көтеруге бағытталуы қажет. Монополистердің міндеттері мұқият нақтыланып, толығымен орындалуға тиіс. Сондықтан Үкіметке қаржының жұмсалуын бақылайтын қатаң амал-тәсілдер енгізуді тапсырамын. Оған цифрлық бақылау жүйесін де енгізу керек.Жұрт коммуналдық қызмет үшін төлеген ақшасы қайда кетіп жатқанын көріп отыруға тиіс. Қазіргі заманғы ақпараттық технология бұған толық мүмкіндік береді”, - деді Мемлекет басшысы. 

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев коммуналдық саланы жаңғырту үшін  “инвестиция орнына тариф” саясатын ұсынғанын да айта кетті. Үкімет енді жылдар бойы жиналған мәселелерді шешетін болады деп қорытындылады сөзін.

19 сәуір 2023, 16:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.