Атырау, 1 қазан 18:31
 ашықВ Атырау +12
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Президент: "Әкімдер өз қаласын жаяу аралауы керек"

738 просмотра

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте қалалар мен әкімдерді сынады.

«Біз қалаларымыз бен астанамызды көркейтуге барынша мән беруіміз керек. Мойындау керек, біздің қалаларымыз жақсы көрінбейді. Ойын алаңдары жабдықталмаған. Біз шетелде жүргенде көреміз, үйлер тозған, бюджеті әлдеқайда аз. Бірақ соған қарамастан қалалар өте жақсы, таза көрінеді. Бұл - муниципалды биліктің жұмысы. Ал қала тұрғындарының өз көзқарасы бар. Бізге не жетпейді?», - деді Тоқаев.

Ол әкімдер қаладағы проблеманы көзімен көруі үшін жаяу жүруі керек екенін айтты.

19 сәуір 2023, 11:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.