Атырау, 1 қазан 18:26
 ашықВ Атырау +12
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Тоқаев: Халық табысының тең жартысын азық-түлік алуға жұмсайды

892 просмотра

Президенттің сөзінше соңғы 15 жылда азық-түлік бағасының бұрын-соңды болмаған өсуіне жетті. Ағымдағы жылдың ақпан айында инфляция 21,3%-ды құрап, шарықтау шегіне жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жұрттың ай сайын жұмсайтын қаржысының тең жартысынан көбі азық-түлік алуға кетеді. Үкіметтің әрекеті жеткіліксіз болып отыр. Тыйым салу және шектеу шаралары уақытша ғана әсер етеді. Мұндай қадамдар қиындықтың бетін қайтарса да, одан біржола құтылуға мүмкіндік бермейді, тіпті, мәселені ушықтырады деуге болады."Қасым-Жомарт Тоқаев

Ауыл шаруашылығы және өндіріс саласының дамуында нақты нәтиже жоқ. Азық-түлік инфляциясының басты себебі де – осында. Елімізде өндірілетін тауардың көлемі ішкі сұранысты қамтамасыз етуге жетпейді. Импортқа тәуелдіміз, дейді президент. 

"Нарықты отандық өніммен толтыру, олардың өндірістік факторларының өзіндік құнын төмендету мәселесіне ұрандар мен уәдесіз, жан-жақты, ойластырылған түрде қарау керек. Өндірістен сатуға дейінгі бүкіл тізбекті аралап, бағаның өсуіне не әкелетінін түсіну керек. Агроөнеркәсіп кешенін басқарудың қазіргі үлгісі саланың әлеуетін аша алмайды. Үкіметтің алдында агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету міндеті тұр".Қасым-Жомарт Тоқаев

Бағаның күрт өсуіне қарсы тұру үшін отандық өнім көлемін арттырумен қатар тұрақтандыру қорларын дұрыс пайдалану маңызды. Бүгінде олар шашыраңқы және ашық емес түрде жұмыс істейді. Жемқорлық схемалары үнемі әшкереленеді.

Сондықтан, басқалармен қатар, азық-түлік корпорациясының сатып алу және негізгі тауарлық баптар бойынша интервенциялар жүргізу әлеуетін белсендірек пайдалану, Азық-түлік корпорациясының ӘКК тұрақтандыру қорларымен жұмысын үйлестіруді күшейту қажет.

"Тәсілдердің біркелкілігі, мемлекеттік компанияның бағаның ауытқуын төмендетуге бағытталуы нарықтық инфляцияға қарсы құралды алуға мүмкіндік береді."Мемлекет басшысы

19 сәуір 2023, 10:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.