Атырау, 1 қазан 18:29
 ашықВ Атырау +12
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

«РОП операторы» директоры өліміне байланысты қосымша сараптамалар тағайындалды

548 просмотра

"ӨКМ операторы" ЖШС-нің басқарушы директоры Руслан Шәмшиевтің өліміне қатысты қосымша сараптамалар тағайындалды. Деректерге сай жұбайы мәйіт мойнында екінші тұншықтырғыш заттың ізі қалғанын алға тартуда деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

Қылмыстық іс қазір Астана қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасында Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі ("Өзін-өзі өлтіруге итермелеу") бойынша тергелуде. Осы ретте іс бойынша 94 куәгерден (туыстары, достары, әріптестері және т.б.) жауап алынып, қосымша сараптамалар тағайындалды.

Сараптама қорытындысы бойынша көрсетілген тұлғаның өлімі ілінген кезде тыныс алу жолдарының қысылуынан туындаған механикалық асфиксиядан болған. Мәйіттен басқа жарақаттар табылмады. Сондай-ақ оның кабинетіндегі үстелдің үстінен суицид туралы қолжазба қағаз табылды.

“Тергеу барысында жәбірленушінің әйелі мәйіт мойынында екінші тұншықтырғыш ойықтың болғанын айтты. Бұл деректі Мәскеудегі жеке компания жасаған сараптама қорытындысы да растаған. Осыған байланысты оның өтініші бойынша және Астана қаласының прокуратурасымен келісе отырып, Ресейдің құзырлы органдарына қосымша сот-медициналық сараптама жүргізу туралы халықаралық ұйғарым жіберілді”,- делінген хабарламада.

Еске салсақ, "ӨКМ Оператор" ЖШС-нің басқарушы директоры Руслан Шәмшиевтің денесі табылғанын хабарлаған болатынбыз. 

Осыған орай Санжар Боқаев Руслан Шәмшиевтің өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін емес екенін айтады. Мәскеулік сараптама толығымен “қастандық” деп көрсеткен екен. Айтуынша мәйітте доғал затпен соққыдан бастың артқы жағында гематома болған. Шәмшиев солай есін жоғалтса керек. Кейін мойын аймағынан адамның тұншықтырған белгілері сараптамада көрсетілген.

18 сәуір 2023, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.