
Қазақстан Республикасының бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сүт кенже қызы Әлия Назарбаева мен жиені Қайрат Сатыбалды Алматы маңында 2 мың гектар жерінен айырылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
ҚазТАГ редакциясы бұл ақпаратты Алматы облысы прокуратурасының растағанын жазды. Аймақтық қадағалау мекемелері Әлия Назарбаева мен Қайрат Сатыбалдыға тиесілі ауқымды жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтарды.
Жалпы көлемі 2 мың гектарды құрайтын жер телімдері Алматы облысының Жамбыл және Қарасай аудандарында орналасқан.
В Атырау 0