Атырау, 4 маусым 12:16
 дождьВ Атырау +21.6
$ 489.31
€ 568.33
₽ 6.63

Жаңаөзендегі жарылыстан 4 адам қаза тапты

728 рет қаралды

Жаңаөзендегі жарылыстан қаза тапқандар саны 4 адамға жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сағат 11:45-те құтқарушылар үйінді астынан тағы бір әйелдің денесін алып шықты.
Осылайша, қазіргі кездегі жағдай бойынша үйінділердің астынан құтқарушылар 4 адамды аман алып шықса, 4 адамның денесі табылды. 6 адам ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада. 

Үйінділерді тазалау жұмыстары жалғасып жатыр.

Еске салайық, бүгін таңертең Жаңаөзенде көппәтерлі үйде газ жарылып соның салдарынан бір адам қаза тапқан болатын. Сондай-ақ 13 адамның зардап шеккені айтылды. Аталған дерекке қатысты жедел штаб құрылды.

17 сәуір 2023, 19:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.