Атырау, 1 қазан 20:30
 ашықВ Атырау +11
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Қазақстандық жанармай құю бекеттерінде бензин мен дизель қымбаттады

629 просмотра

Алматының жанармай құю бекеттерінде бензин мен дизель қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

17 сәуір таңертең Алматыдағы жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 205 теңге болды.

Алматыдағы жанармай құю бекеттеріндегі АИ-95/96 бағасы әртүрлі. 17 сәуір таңертең Sinooil-да АИ-96-ның бір литрі 222 теңге тұрса, Royal Petrol мен "Газпромнефть" бекетінде АИ-95-ті 230 теңгеден құюға болады.

Sinooil жанармай құю бекеттерінде дизель бағасы 295 теңге. "Газпромнефть" жанармай құю бекетінде - 450 теңге

Ал, Астанадағы Nomad жанар-жағармай құю бекеттері желісіндегі жанармай бағасының алматылық бағадан айырмашылығы жоқ. Мұнда да АИ-92-нің литрі 205 теңгеден, АИ-95 224 теңгеден, АИ-98 де 245 теңгеден сатылып жатыр. Ал, дизельдің литрі 295 теңге.

Сондай-ақ Қызылордадағы жанар-жағармай құю бекеттерінде де жанармай бағасы көтерілді.

17 сәуір 2023, 18:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.