Атырау, 9 қыркүйек 05:57
 дождьВ Атырау +14.2
$ 454.46
€ 527.72
₽ 5.25

ҰҚК қазақстандықтардың Украинадағы әскери қақтығысқа қатысу дерегін тергеуде

1 177 рет қаралды

Қазақстанның ҰҚК Украинадағы әскери қақтығысқа қазақстандықтардың қатысу дерегін тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі растады.

"ҚР ҰҚК Қазақстан азаматтарының Украина аумағындағы соғыс қимылдарына қатысу фактілері бойынша он қылмыстық істі тергеп жатыр", - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Ведомство қазақтардың қай тарапқа қатысы барын нақтыламады.

"Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.

17 сәуір 2023, 11:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.