Атырау, 1 қазан 20:47
 ашықВ Атырау +11
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Қазақстанда имидждік шараларға бюджеттен қанша ақша жұмсалады?

654 просмотра

Қаржы министрлігі 2023 жылы имидждік шараларға республикалық бюджеттен қанша қаржы жұмсалатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Tengrinews.kz сайтының ресми сауалына Қаржы министрлігі республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жүзеге асыратын форумдар, семинарлар, конференциялар мен имидждік іс-шараларды өткізуге 2,2 миллиард теңге бөлу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.



2023 жылға арналған республикалық бюджеттің шығыстарында мынадай іс-шараларға қаражат бөлу көзделген:

  • Қазақстан халқы Ассамблеясының қамқорлығымен форумдар, семинарлар мен конференциялар;
  • 2023 жылғы қазанда XI Азаматтық форум;
  • Маусымдағы халықаралық еріктілер форумы;
  • ақпанда өткен Digital Almaty 2023 форумы;
  • қыркүйекте "Әлеуметтік инновациялар жалпы еңбек қоғамына жол ретінде" форумы;
  • маусымда Астанада Қазақстан патриоттарының форумы;
  • мамырда өтетін машина жасаушылардың форумы;
  • қыркүйекте "Иннопром-Орталық Азия" халықаралық көрмесі;
  • "Парыз бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауы және жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі.
17 сәуір 2023, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.