Атырау, 1 қазан 20:39
 ашықВ Атырау +11
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Жаңаөзендегі жарылыстан баспанасыз қалған тұрғындарға жаңа пәтер беріледі

858 просмотра

Жаңаөзендегі төтенше жағдай салдарынан баспанасыз қалған тұрғындарға жаңа пәтер беріледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.   

Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

«Жаңаөзен қаласындағы төтенше жағдай салдарынан қайтыс болған тұрғынның отбасына, туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз және зардап шеккен жандардың тезірек сауығып кетуін тілейміз.
Тұрғын үйсіз қалған отбасыларға жаңа пәтер беріледі, зардап шеккендерге орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, барлық қажетті көмек көрсетіледі», - делінген компания хабарламасында.

Еске салайық, бүгін таңертең Жаңаөзенде көппәтерлі үйде газ жарылып, соның салдарынан бір адам қаз тапқан болатын. Сондай-ақ 13 адамның зардап шеккені айтылды. Аталған дерекке қатысты жедел штаб құрылды.

17 сәуір 2023, 09:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.