Атырау, 1 қазан 20:37
 ашықВ Атырау +11
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Қазақ жігіті Америкада қарақшыларға тойтарыс беріп, қаруларын тартып алған

982 просмотра

Әлеуметтік желілерде АҚШ-та жүрген қазақстандық Олжас Қалдыбаевқа қарақшылық шабуыл жасалғаны, қазақ жігіті қылмыскерлерге тойтарыс беріп, қаруларын тартып алғаны туралы видео тарап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Болған оқиғаны Олжас Қалдыбаев Instagram-дағы парақшасында баяндап, оқиға орнынан фото, видеолар жүктеді.

Айтуынша, тапанша мен мылтық ұстаған үш жігіт сөмкесін тартып алған. Бірақ кейін олардың бірін қуып жүріп ұстаған және оны жібермей отырып полицейлерді күткен. Барлығын видеоға түсіріп алған. Сол кезде қарақшының екі досы оны босату үшін қайта оралған. Қолдарында пистолет болған. Олар қазақ жігітіне шабуыл жасаған. Алайда, О.Қалдыбаев қарсылық көрсетіп, қаруды тартып алған. Ұрылар қашып кеткен.

Көп ұзамай полицейлер жеткен. Қарақшыларды іздеуге 6 полиция көлігі мен тікұшақ жұмылдырылған.

Полицейлердің бірінің сөзінше, қазақ жігіті қарақшылардан пистолет пен автомат тартып алған, өздерін ұрып-соққан, бірінің тісін сындырған. «Мұндайды Америкада бұған дейін ешкім көрмеген», - дейді ер жігіттің батылдығына тәнті болған тәртіп сақшысы.

17 сәуір 2023, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.