Атырау, 1 қазан 20:48
 ашықВ Атырау +11
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Желіде Жаңаөзен қаласы карантиндік аймақ деп жарияланғаны жөнінде жалған ақпарат тарады

927 просмотра

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Жаңаөзен қаласы 2025 жылға дейін карантиндік аймақ болып жарияланғаны туралы ақпарат тарады. Бұдан былай адамдарға кіру үшін арнайы рұқсат қажет болады. Бұл шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды stopfake.kz

Бұл ақпараттың көзі – Instagram-дағы QazNews24 сатиралық аккаунты. Бұл парақшада ойдан шығарылған жаңалықтар жарияланады. Шынайы хабарламалар жоқ.
Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми сайтында Жаңаөзен аумағында карантиндік шектеулер енгізу туралы ақпарат жоқ. Мұндай хабарламалар қаланың сайтында да шықпаған.
Сондай-ақ БАҚ та Жаңаөзеннің 2025 жылға дейін карантиндік аймақта болатыны туралы ақпарат таратпаған.
Демек, бұл – фейк ақпарат, оған сенбеген жөн.

14 сәуір 2023, 17:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.