Атырау, 1 қазан 20:32
 ашықВ Атырау +11
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Мүгедектер мен зейнеткерлерді тонаған

857 просмотра

Руководитель социального учреждения по области Ұлытау занималась хищением денежных средств у инвалидов и пенсионеров, проживающих в учреждении, деп хабарлайды ҚМА.

Әлеуметтік мекеменің басшысы мен қызметкерлерінен құралған бір топ тұлғалардың заңсыз әрекеттерін ҚМА аумақтық департаменті әшкереледі. 
 
Қазіргі уақытта жалпы сомасы 12 миллион теңгеден астам аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
 
Әлеуметтік мекеме, сондай-ақ сотталушылардың тұрғылықты мекен-жайларын тінту кезінде қариялардың 799 000 теңге көлеміндегі зейнетақы төлемдері, оларға тиесілі банк карталары, сондай-ақ аталған тұлғалардың қылмыстық әрекеттерін дәлелдейтін басқа да заттар мен құжаттар тәркіленді.
 
Толық және жан-жақты тергеуге кедергі келтіру, сондай-ақ қылмыстың ізін жасыру және жою әрекеттеріне байланысты аталған мекеменің басшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Сот 2 айға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес басқа мәліметтер жария етуге жатпайды.
 

14 сәуір 2023, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.