Атырау, 9 қыркүйек 05:57
 дождьВ Атырау +14.2
$ 454.46
€ 527.72
₽ 5.25

Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров ұсталды

1 568 рет қаралды

Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров екі айға үйқамаққа алынды, деп хабарлайды Sputnik Алматы қалалық сотына сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеровке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

"10 сәуірде Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Өсеровке қатысты екі ай мерзімге үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы Алматы қаласы прокуроры орынбасарының санкциясы келіп түсті", - деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.

Ілияс Өсеров бұған дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

12 сәуір 2023, 17:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.