Атырау, 1 қазан 20:39
 ашықВ Атырау +11
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Оралда журналист Лұқпан Ахмедияровты ұстаған

847 просмотра

12 сәуірде таңертең Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында журналист, мәжіліс депутаттығына экс-кандидат Лұқпан Ахмедияровты полиция ұстаған, деп хабарлайды Азаттық радиосы

Азаттыққа түскен хабарға қарағанда, билік өкілдері әуелі журналистің көлігін тоқтатқан. Содан кейін қалалық полиция бөліміне алып барған.

Өзін полиция ұстағанын Ахмедияров Insagram парақшасына тікелей эфирге шығып хабарлады. Видеода Шолохов көшесіндегі айналма жолмен келе жатқан журналистің көлігін үстіне беренді киім киіп, бет-жүзіне маска таққан адамдар тоқтатқаны көрінеді.

"Маған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері тап берді. Олар мені ұстауға тырысып жатыр. Не үшін екенін білмеймін. Жүгіріп жетіп келді, мұнда "Қармау" арнайы операциясы жүріп жатыр. Көлігімді ашуға әрекет жасап жатыр" деп хабарлады тікелей эфир кезінде Ахмедияров.

Журналист сәрсенбі күні таңертеңнен үйінің ауласын "әлгілер торуылдап жүргенін айтады". Біраз уақыттан кейін маска таққан адамдар көлікке мініп кетіп қалған. Жеңіл көлігінде отырған Ахмедияровқа полиция қызметкері барған.

"9 сәуірд Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабын бұздыңыз. Полицияға жүріңіз", — деген ол журналиске.

Мұнан соң ол полиция патрулі қызметкерлеріне Ахмедияровты Орал қалалық полиция бөліміне бастап баруды тапсырған.

"9 сәуірде митингіде болыпсың, сол іс бойынша сені шақырып жатырмыз" деді маған. Сондықтан арнайы жасақ шақыртқан болды ғой. Енді қалалық бөлімге бар, әкімшілік құқықбұзушылыққа қатысты деді" деп хабарлады видеоның ағында Лұқпан Ахмедияров.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі журналист Ахмедировты ұстау хақында ешқандай комментарий бермеді.

12 сәуір 2023, 16:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.