Атырау, 25 қараша 14:55
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Шахта әлі де қауіпті

3 003 просмотра

Жергілікті билік Индербор поселкесінен 25 шақырым қашықтықта жатқан, тереңдігі 300 метрлік №99 тұз шахтасын қауіпсіздендіру шараларын алған жоқ.

Естеріңізге салсақ, 2012 жылдың 6 желтоқсанында индерлік тұрғын абайсызда сол шахтаға құлап, мертіккен болатын. Жергілікті жұртшылық содан кейін көп жылдан бері иесіз жатқан нысанның беті жабылып, айналасы қоршалатын болды-ау деп сенген еді. Алайда... олай болмады. Баяғы жартас сол жартас, тек бір бетон плитасын ғана жауып қойыпты, онымен, ол қауіпсіз деген сөз емес (суретте).

Әбден тоналып, талқаны шыққан тұз шахтасында құрылыс материалдары қалдығы мен жерасты кабельдері әлі бар. Күн жылына салысымен индерборлықтар шаруашылықтарына пайдалану үшін өмірлеріне қауіп төндіріп осында келіп жатады. 

- Темірбетонды плиталар мен олардың айналасына цемент құйып бітеп тастау үшін 2,5 миллион теңге қаражат қажет. Алайда бар мәселе ақшада ғана емес. Шахтаны бітеп тастағанда астында жиналған газ жарылса не болмақ? - дейді Индер ауданы әкімі Берікқали СӘРСЕНҒАЛИЕВ.

- Сонда бұл мәселе қашан шешіледі?

-Білмеймін. Бұған облыстан қаржы шығарылған жағдайда да тендер өтуі керек. Егер жабу кезінде оқыс оқиға болса, кімде-кім жауап беруі тиіс қой. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

11 сәуір 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.