Атырау, 1 қазан 22:27
 ашықВ Атырау +19
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

"Уайымдамаңыздар". Астанада жиналған жаңаөзендік жұмысшылардың видеосы пайда болды

728 просмотра

Астанада жиналған мұнайшылар халыққа үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Елорда вокзалында түсірілген видеода Жаңаөзен жұмысшылары бәрі жақсы екенін және үйлеріне қайтқалы жатқандарын айтады.

Жаңаөзендіктер маңғыстаулықтарды уайымдамауға шақырып, қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдірді.

Еске салайық, бұған дейін Жаңаөзеннен барған 60-70-ке жуық адам талаптарын айтып, Энергетика министрлігі ғимаратының алдына жиналды. Бұл мәселеге қатысты Қазмұнайгаз өкілдері түсінік берді.

Ал Үкімет отырысында елордаға келген жаңаөзендік мұнайшыларға қатысты вице-премьер Алтай Көлгінов пікір білдірді. Вице-премьердің айтуынша, бұл келіссөздер процесі де, барлығы да заң аясында шешілуге тиіс.

12 сәуір 2023, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.