Атырау, 1 қазан 22:41
 ашықВ Атырау +19
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Жаңаөзендіктер Тоқаевқа үндеу жолдады

676 просмотра

Жаңаөзен тұрғындары Астанада ереуілге шыққан мұнайшыларды босатуды талап етіп, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады, деп хабарлайды orda.kz.

Жаңаөзендіктер өз арызында «КезБи» мен «Берәлі Маңғыстау» компаниясының бұрынғы жұмысшыларын босатуды сұрайды.

Жиналған қауым 2011 жылы наразылық білдірген мұнайшыларды ұстау кезінде көп адам қаза тапқанына назар аудартты. Сосын, олардың айтуынша, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Жаңаөзенде болып жатқан оқиға туралы хабар дұрыс мәлімделмеген.

Сондай-ақ кейбір кәсіпорындар ынтымақтастық белгісі ретінде жұмысын тоқтатып жатыр деген ақпарат пайда болды.

Құқық қорғау органдарының жігіттері жергілікті ақсақалдардан жастарды тыныштандыруға көмектесулерін сұрады. Дегенммен олар өптеген орындалмаған уәделер мен қайта жалған уәде беруді қаламағандықтан, қазіргі жағдайға араласудан бас тартты.

Уақыт өте келе тұрғындар саны көбеюде.

Еске салайық, жаңаөзендік ереуілшілердің барлығын Энергетика министрлігі ғимаратының алдында арнайы қызмет қамауға алған болатын.

Бұған дейін жаңаөзендік мұнайшылар 11 сәуірге қараған түні «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ (ҚМГ) орталық кеңсесінде болған еді. «КезБи» мен «Берәлі Маңғыстау» компаниясының бұрынғы жұмысшылары Астанада жұмысқа орналастыру мәселесі толығымен шешілгенше ереуілдететіндеріне уәде берді.

Сәуірдің 11-і күні түстен кейін Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жаңаөзендік мұнайшылардың Астанада дүрбелең туғызу үшін ереуілге шыққанын хабарлады. Бір қызығы, жаңаөзендіктердің айтуынша, ҚМГ бас кеңсесінде мұнайшылардың ереуіліне шыққан жерге жаңадан сайланған парламент депутаттарының ешқайсысы, оның ішінде Маңғыстау облысынан сайланған депутататтар да келген жоқ.

11 сәуір 2023, 22:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.