Атырау, 1 қазан 22:28
 ашықВ Атырау +19
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Қостанайда айыппұл тұрағынан сотталушының көлігі жоғалды

508 просмотра
Қостанайдағы айыппұл тұрағынан сотталушының көлігі жоғалды

Ресейлік нөмірі бар ақ Daewoo Nexia 2021 жылдың 24 наурызында қылмыстық іс бойынша заттай дәлел ретінде Киевская көшесіндегі арнайы айыппұл тұрағына қойылған. Көлік иесі жазасын түрмеде өтеуде. 2023 жылдың 29 наурызында Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты көлікті жазасын өтеушінің әйелі Айгүл Қалиеваға қайтару туралы шешім қабылдады. Сол күні ол тергеушімен бірге айыппұл тұрағына барды, бірақ ол жерден көлік табылмады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Наша Газета сайтына сілтеме жасап.

«Біз келген кезде журналда көлікті алу туралы актіні көрдік. Біз полиция шақырдық, күзетші айыппұл тұрағының иесін шақырды. Ол менің көлікті неге тексермегенімді сұрады. Сондай-ақ, көлік бұрынғы автотұрақ иесінің кезінде жоғалған болуы мүмкін екенін айтты. Өткен жылдың шілдесінде мен осы жерде көлігі тұрған адамнан менің көлігімді де қарай салуын өтіндім. Ол көліктің сол жерде екенін айтты. Күйеуімнің ісі бойынша сот үкімі өткен жылдың қараша айында күшіне енді, бірақ мен көлікті алып кете алмадым, өйткені қолымда тиісті құжаттары болмады. Тергеуші құжаттарды күйеуіме жібергенін айтады, ал түрмеде олар ештеңе алмағанын айтты»,- дейді әйел.

7 сәуірде Айгүл Қалиева айыппұл тұрағына кіруге тырысты, бірақ күзетші әйелдің қолында көлікті алу туралы актісі болмағандықтан ішке қарай өткізбеді.

«Қақпада тұрақ қызметкерлерінің көліктегі заттар үшін жауап бермейтіні жазылған. Демек, олар көліктің өзіне де жауапты емес.  Осы бетон қоршауды, бейнекамераларды салуға, жарықтандыруға 90 млн теңге жұмсалды. Одан да бұл машиналарды далаға қою оңай болмас па еді?!»,  деп ренішін білдірді келіншек.

Айгүл Қалиеваға 29 наурызда ол Солтүстік полиция бөліміне автокөліктің жоғалғаны туралы арыз беріп, 6 сәуірде Қостанай прокуратурасына жүгінді.

«Бұл факт бойынша Солтүстік полиция бөлімі 188-баптың 3-бөлігі «бөтен мүлікті (автокөлікті) ұрлау» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қажетті тергеу шаралары жүргізілуде», - деді Қостанай ҚП Солтүстік бөлімінің бастығы Ербол Қарымсақов.

Жалпы айыппұл тұрағына қазір «Инвест Строй 2024» ЖШС қызмет көрсетеді.

«Біз 2022 жылдың 1 тамызынан бастап арнайы айыппұл тұрағына қызмет көрсетеміз. Қабылдау-тапсыру актісіне сәйкес, бұл күні бұл көлік болмаған. Өткізуше тарап ASHIR KZ ЖШС болды. Тапсырыс беруші – Қостанай әкімдігінің ТКШ бөлімі. Мен бұл көлікті көрмедім және бізде оған ешқандай құжат жоқ», - деді ЖШС директоры Татьяна Саркисова.

Аталған айыппұл тұрағынан бөлшектер мен жабдықтардың жоғалуы, сондай-ақ, автокөліктерді ұрлау туралы бұған дейін де бірнеше мәрте жазылды. 2020 жылдан бастап автотұрақтың айналасына қоршау салынып, күзетшімен қамтамасыз етілді. 2023 жылы тікенді сымдары, бейнекамералары, жарықтары бар биік бетон қоршау салынды, тіпті күзетші келушілермен сөйлесетін терезесі бар үлкен қалың темір қақпа да бар. Бірақ көліктердің жоғалуы тыйылар емес.

11 сәуір 2023, 17:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.