Атырау, 1 қазан 22:24
 ашықВ Атырау +19
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Жанармайдың қымбаттауы ауыл шаруашылығы өнімдеріне қалай әсер етеді

463 просмотра

Күзгі егіс науқанында жанармайдың бағасы өзгермейді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ол жанар-жағармай мен дизель отыны бағасының қымбаттауы АӨК-нің әлеуметтік маңызды тауардың бағасына әсер етуі мүмкін екенін айтты.

«Сарапшылардың бағалауынша, жанармайдың 20 пайызға қымбаттауы азық-түлік бағасына 2-3 пайыз көлемінде әсер етуі мүмкін. Қазіргі таңда күзгі егіс жұмыстарына отын қарастырылды. Ол 413 тоннаға жетіп отыр. Былтырғыға қарағанда ол 13 тоннаға көп. Ол нарықтағы бағадан 20 пайыз арзанға сатылады. Сондықтан жанармайдың қымбаттауы егіс науқанына арналған отын бағасына әсер етпейді»,- деді Тасжүреков.

11 сәуір 2023, 17:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.