Атырау, 1 қазан 22:32
 ашықВ Атырау +19
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Тоқаев пен Әлиев Қазақстан мұнайын Еуропаға жеткізу мәселесін талқылады

534 просмотра

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбыры арқылы Еуропаға тасымалдау мәселесін талқылады,, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Транскаспий халықаралық көлік бағытының әлеуетін толық ашу үлкен маңызға ие. Әңгіме логистикалық қызметтерді жақсарту, бірыңғай көлік операторларын құру, техникалық және тарифтік шарттарды жаңғырту, әкімшілік кедергілерді жою және жабық логистикалық циклды қалыптастыру туралы болып жатыр", - деді Тоқаев.

Оның айтуынша, президенттер энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр.

"Бүгінгі күні біздің бірінші кезектегі міндетіміз - әлемдік нарыққа энергия ресурстарын жеткізуді одан әрі әртараптандыру. Өздеріңіз білетіндей, біздің келісімдеріміздің арқасында биылғы жылы Қазақстан мұнайының бірінші партиясы Әзербайжан арқылы жөнелтілді. Келесі қадам - мұнай өндіру көлемін арттыру", - деді Тоқаев.

10 сәуір 2023, 18:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.