Атырау, 1 қазан 22:26
 ашықВ Атырау +19
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Астанада күрестен Азия чемпионаты басталды

526 просмотра

Астанада еркін, грек-рим және әйелдер күресінен Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Турнирге елімізбен қатар Қытай, Жапония, Үндістан, Моңғолия, Иран, Оңтүстік Корея және тағы да басқа 22 мемлекеттен 400-ге жуық спортшы қатысып жатыр.

Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловтың хабарлауынша, қазақстандық және шетелдік палуандарды қолдауға келген жүздеген жанкүйер Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының трибуналарын толтырды. Чемпионаттың ашылу салтанатына сондай-ақ Біріккен күрес әлемінің (UWW) вице-президенті Ахролжон Рузиев, сондай-ақ UWW Asia және ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов қатысты.

«Чемпионаттың салтанатты ашылуынан кейін мен біздің құраманың жаттығуын көріп, спортшыларымызбен кездестім. Сонымен қатар турнир жүлдегерлерін марапаттадым. Атап айтқанда, бүгін грек-рим күресінен бес салмақ дәрежесі бойынша жүлдегерлер анықталды.
Біздің елімізде күрестің қай түрі болсын ең танымал спорт түрлерінің бірі саналады және осы деңгейдегі жарыстар оның дамуына одан әрі ықпал етеді. Өз кезегінде, Мемлекет басшысы мен біздің министрлік жастар мен кәсіби спортшылар үшін күреспен айналысуға барлық жағдайды жасайды. Жаңадан үйірмелер, залдар ашып, түрлі турнирлер өткізетін болады. Солардың бірі – елордада төрінде өтіп жатқан осы Азия біріншілігі. Еліміздің палуандарына Азия чемпионатында жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жеңіс тұғырына көтерілуді тілеймін», - деп жазды Асхат Оралов.

10 сәуір 2023, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.