Атырау, 21 желтоқсан 17:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Алматы әуежайынан жаңа халықаралық рейстер ашылады

1 130 рет қаралды

Алматы халықаралық әуежайында халықаралық рейстердің саны 67-ге дейін өседі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында әуежай президенті Алып Ер Тоңға Ерсой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Спикердің мәліметінше, Алматы әуежайы өткен жылы 7,2 млн-нан астам жолаушыны қарсы алған.

«Өткен жылы 64 697 рейс жасалды, биыл 8 млн-нан астам жолаушы, 70 мыңнан астам әуе рейсі, 94 мың тонна Карго рейсі ұшады деп күтіліп отыр», - деді әуежай басшысы.

Ол сондай-ақ биыл рейстер саны 67-ге дейін артатынын айтты.

«Біз Ашхабад, Ереван, Карачи, Кутаиси, Лахор, Маскат, Кайрол және Сиамға жаңа рейстер ашылады деп күтіп отырмыз», – дейді спикер.

Ол сондай-ақ әуежайға келушілер арасында ең танымал бағыттарды атады.

Алып Ер Тоңға Ерсойдың айтуынша, халықаралық рейстер арасында ТОП-5 бағытқа - Ыстанбұл, Дубай, Анталия, Мәскеу, Ташкент, ал ішкі рейстер арасында - Астана, Шымкент, Ақтау, Атырау, Ақтөбе қалалары кіреді.

7 сәуір 2023, 14:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.