Атырау, 1 қазан 22:26
 ашықВ Атырау +19
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Швейцариялық сарапшылар Қазақстаннан шығарылған активтерді қайтаруға көмектеседі

622 просмотра

Бас прокуратура Базель басқару институтымен ынтымақтастық туралы келісім жасады. Институт сарапшылары елден шығарылған активтерді қайтаруға көмектеседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы институттың құрамына кіретін Халықаралық активтерді қайтару орталығы (ICAR) – әртүрлі елдердің құқық қорғау органдарына жәрдемдесетін әлемдегі ең ірі орталықтардың бірі.

Келісімшарттарға сәйкес Базель институтының сарапшылары Қазақстанның Бас прокуратурасына төменде көрсетілген бағыттар бойынша:

1) активтерді қайтару мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді талдау және жетілдіру жөніндегі ұсынымдар;

2) халықаралық тергеп-тексерулер жүргізуде және активтерді шетелден қайтаруға байланысты қылмыстық істер бойынша сұрау салулар дайындауда құқықтық және консультациялық көмек;

3) қаржылық тергеп-тексеру және активтерді қайтару, оның ішінде әлем бойынша компаниялардың бенефициарлық меншік иелері мен жылжымайтын мүлік иелерінің тізімдерінен онлайн режимінде ақпарат алу мәселелері бойынша оқыту тренингтері мен семинарларын өткізу бойынша жәрдем көрсетеді.

7 сәуір 2023, 13:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.