Атырау, 2 қазан 00:25
 ашықВ Атырау +19
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Петропавл мектебіндегі оқушының шабуылы: тың мәлімет айтылды

714 просмотра

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы сыныптастарына балтамен шабуылдаған мектеп оқушысы туралы жантүршігерлік жай-жапсарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz басылымы "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Ақпанда қадағалау органы жасөспірімнің психиатриялық бақылауда екенін растады. Бірақ енді бала бұған дейін де өзін-өзі өлтірмек болғаны белгілі болды. "Сол себепті ол үш ай сабақтан қалып қойған, бірақ мұғалімдер бұған мән бермеген" дейді прокурорлар.

"Бұл бала 2021 жылы оғаш мінез-құлық көрсетіп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Алайда мектеп бұл туралы денсаулық сақтау органдарына хабарламаған. Мектеп әкімшілігі суицид әрекетінің мән-жайын түсіндірмеді, - деді Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Әбу Әли Саттар.

Облыстық прокуратурада өткен жиында ұстаздар бала шабуыл жасамас бұрын қатарластарынан қысым көргенін айтты.

Еске салайық, бұған дейін Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ әкеліп, үш баланы жарақаттаған еді. Оқиға №4 мектепте болған. Оқу-ағарту министрлігі еліміздің барлық мектебінде қауіпсіздікті тексеру жұмысы жүргізілетінін мәлімдеді.

7 сәуір 2023, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.